Құрметті автор!
«Alash Book» баспасы Сізді біздің баспамен серіктес болуға шақырады. Егер Сізде жоғары оқу орындары немесе колледж студенттеріне арналған жазба жұмыстарыңыз болса (оқулық, оқу құралы, т.б.) біздің баспа Сіздің шығармаңызды тегін басып беруге дайын.
Төмендегі шарттармен таныс болыңыз:
- Авторлық келісім-шарт 5- 7 жыл мерзіміне жасалады.
- Автор келісім-шартқа қол қойғаннан кейін жазбасын Word форматында кез-келген өзіне ыңғайлы тәсілмен баспа үйіне жібереді.
- Баспада оқулықтың ішкі-сыртқы дизайны жасалады (беттеу және мұқаба дизайны).
- Оқулыққа ҚР Кітап палатасынан ISBN, ӘОЖ, КБЖ алынады.
- Авторға тексеруге 1 (бір) дана дайын оқулық шығарылады (немесе эл. форматта жіберіледі).
- Кітап бекітіліп, басылып шыққан соң авторға 5 дана беріледі.
- Авторға 6 ай сайын сатылым бойынша есеп беріліп отырады.
- Авторға сатылым бағасынан 20% қаламақы төленеді.